«Үлгілі ғұмыр» атты тақырыптық дәріс

2019 жылы 15 шілде күні «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз аудандық филиалында қоғам қайраткері Мұхаметжан Тынышбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай «Үлгілі ғұмыр» атты тақырыптық дәріс өткізілді.

Оқушыларға танымдық көкжиегін кеңейту, тарихымызды тануға, тарихи тұлғалардың есімін құрметтеуге баулу мақсатында Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері Мұхаметжан Тынышбаевтың өмір жолы туралы ақпарат берілді. 

Тақырыптық  дәріске  № 6  мектептің жазғы лагерь оқушылары мен тәлімгерлері қатысты.