Отан - оттан да ыстық

26 маусым 2019 жылы Қопа ауылдық кітапханасында мақал-мәтелден "Отан-оттан да ыстық" атты сайыс өткізілді. Сайысқа С.Сейфуллин орта мектебінің 6 сынып оқушылары қатысты. Сайыс барысында кітапханашы Қ.Алтыбаева оқушыларды екі топқа бөліп жарыс өткізді. Оқушылардың мақал - мәтелді қандай деңгейде жетік білетіні анықталды. Сайыс соңында жеңімпаз болған 6 сынып оқушысы Ануарбеков Нұрасыл сыйлыққа мақал-мәтелдер жинағын алып, мақтау қағазымен және басқа оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.Сайыс өте жақсы деңгейде өтті.