Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы

2019 жылы 19 маусымда Аягөз ауданының әкімі аппаратының ғимаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналысқа Семей аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауданаралық басқармасының басшысы Қошқарбаев Ғалымжан Амантаевич, Аягөз ауданының әкімі аппаратының, дербес бөлімдердің, қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері, Аягөз ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Жиналыс барысында өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берілді.