Қазақстан Республикасының рәміздер күні

2019-жылдың 4-маусым күні Аягөз қаласының орталық стадионында Қазақстан Республикасының  Рәміздер күніне арналған мереке өтті. Мерекелік іс-шара мемлекеттік рәміздеріміз Ту мен Елтаңбамызды әскери қызметкерлердің алып шығуымен басталып, әнұранымыз асқақтата шырқалды. Аудан әкімінің орынбасары Б.Сүлейменов аягөздіктерді мерекемен құттықтап, еліміздің мемлекеттік рәміздерін ұлықтауға, құрметтеуге, қастерлеуге шақырды. Мереке  аудандық мәдениет үйінің мерекелік концертімен ұласты.