Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарынның анықтамалығы

Құрметті әріптестер! Сіздердің назарларыңызға Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарынның анықтамалығын ұсынып отырмыз, онда 405 ұйым туралы мәлімет, оның ішінде әртүрлі себептерге байланысты өз қызметін тоқтата тұруға немесе тоқтатуға шешім қабылдаған ұйымдар туралы ақпарат бар.  

ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдар үшін де, ҮЕҰ-дың өздері және олардың мақсатты топтары үшін де бқл анықтамалық маңызды ресурс екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Осыған байланысты, ағымдағы жылы бұл құжат өзектендірілді және кеңейтілді.  

Құжат барлық мүдделі тұлғалар үшін, оның ішінде ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік құрылымдар мен бюджеттік ұйымдар, азаматтық қоғам институттары, ҮЕҰ-дан қолдау сұрауды шешкен тұрғындарға  ашық  түрде қолжетімді. 

Анықтамалықты «ЗУБР» ӘҚҚ сайтынан http://www.zubr-consulting.kz/brochure сілтемесі арқылы жүктеп немесе Ресурс орталығына  zubr-kz@mail.ru электрондық поштасы арқылы өтінім жіберіп «ШҚО Ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде) алуға болады.

Сондай-ақ, біздің облыстың ғана емес, Қазақстанның өзге қалалары мен аудандарының қоғамдық ұйымдарының қызметімен «Қайырымдылық жолы» сайтында таныса аласыздар   www.dorogadobra.tilda.ws.  Мұнда «Бізбен бірге бол» бөлімінде, әр күн сайын қайырымды істер жасайтын, қажет етушілердің бәріне қолдау көрсететін ҰЕҮ туралы ақпарат бар.