Тарих. Тұлға. Уақыт

18 мамыр 2019 жылы Аягөз аудандық орталық кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Тарих. Тұлға. Уақыт» атты Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған ақпараттық сағат өткізілді. Кітапханашы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып өтті. Ақпараттық сағатқа №5 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахимжанова Көркем қатысты. Оқушылар жазушының шығармашылығымен танысып, өлеңдерін жатқа айтты. Белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.