Шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік

2019 жылдың 20 мамырында Аягөз ауданының №7 жалпы білім беретін мектебінде запастағы майор Тоқтағұлов Қайрат алғашқы әскери дайындық мұғалімі және Аягөз қаласындағы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің инспекторы Салибаева Рамзия 2002 жылы туған жасөспірімдерге 2019 жылы ақпан айында Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлігін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.