"Өмір –Отанға қызмет етуге арнаған" 

Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы подполковник Сабыржан Секерханұлы Айтқазин ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен 2019 жылы 21 мамырда Аягөз ауданының № 5 орта мектебінде "Өмір –Отанға қызмет етуге арнаған"тақырыбында ерлік сабағын өткізді.

Ерлік сабағы Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірі мен қызметіне арналған. Оқушылар үлкен қызығушылықпен дәріс тыңдап, Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірі туралы сұрақтар қойды.