Хабарландыру! Аягөз ауданының кәсіпкерлеріне!

 

Аягөз қаласындағы "Жастар" (Қозы Көрпеш- Баян сұлу) және "Ардагер" (Бәйтерек) саябақтарында киіз үй тігіп, ұлттық нақышта қызмет көрсетуге - ыстық тамақ, қымыз, балмұздақ, тәтті мақта, сусындар және т.б. тамақ өнімдерін саудалау үшін тегін орын беріледі.

Саябақта киіз үй тігуге ниет білдірген кәсіпкер  жерді жалға алу салығынан босатылады. Киіз үйге электр қуаты тартылып, ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Ниет білдірген кәсіпкерлер үнемі тазалық талаптарын сақтауы қажет және пайдаланған  электр  қуатын өз қаражатынан  төлейді .

Барлық сұрақтар бойынша Аягөз ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне  3-10-66 телефонына хабарласуға болады.