Аймақтық  семинар

Баршатас ауылындағы «Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-де 15 мамыр күні «Білім сапасын арттырудағы  Lesson Study-дің рөлі» деген тақырыпта аймақтық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: зерттеу сабақтарындағы мұғалімдер іс-әрекетінің тиімділігі.

Аймақтық семинарды Аягөз ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Т.Әзімбаев ашып, қазіргі уақыттағы жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес оқу-әдістемелік жұмыстарды заманауи дәрежеде түрлендіріп өткізудің маңызы зор екендігіне назар аударды.  Мектеп директоры Г.Р.Сихымбаева өз сөзінде оқушылардың білім сапасын арттыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Семинардың ашылу салтанатынан кейін аталған мектептің мұғалімдері мынадай шеберлік сабақтарын өткізді.

Биология пәнінен 8-класта – «Биология пәнін ағылшын тілін кіріктіре оқытуда оқушылардың өздігінен білім алу дағдыларын жетілдіру» тақырыбында, пән мұғалімі Ж.Тлеуғазыева. Қазақ әдебиеті пәнінен осы класта «Мәңгілік бала бейнесі» тақырыбында, пән мұғалімі А.Құлынтаева,  көркем еңбек пәнінен «Көркем еңбек пәнін оқытуда оқушыларға кәсіптік бағдар беру» тақырыбында, пән мұғалімі Қ.Ерали, Робототехника, 3D модельдеу, голограмма, 3 D принтер бағытындағы оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен таныстыру, пән мұғалімі А.Жақсыбергенова. Мектеп тренері Н.Нұрғалиева «Lesson Study – бір мақсатқа жұмылдырылған ұстаздар шеберханасы» тақырыбында тренинг өткізіп, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Жакенова мен класс жетекшісі Г.Какибаева ата-ана Ә.Алтынбектің қатысуымен «Жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша білім сапасын арттыруда үштік одақтың ықпалдастығы» туралы іс-шара ұйымдастырды.  Семинарды аудандық білім бөлімінің әдістемелік ұйымдастырушылық кабинетінің меңгерушісі А.Т.Бейсекова қорытындылап, өтілген шеберлік сабақтары, іс-шараларды талдап, жоғары баға берді. Семинар мектеп оқушыларының мерекелік концертімен аяқталды.