Кене энцефалиті (encephalіtіs acarіnarum) – кенеарқылы тарайтын, ми қабынуын және орталық жүйке қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайтын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Кейде Кене энцефалитін табиғи-ошақты тайгалық энцефалит, көктемгі-жаздық энцефалит деп те атайды. Кене энцефалитінің тұрақты табиғи ошағы пайда болады. Елді мекендерде ірі қара мал, ешкі, қой және ит кенеден жұққан Кене энцефалитін таратады. Адамға орманды жерде жұмыс жасағанда, жеміс-жидек, саңырауқұлақжинағанда, ағаш кесіп отын дайындағанда, қайнамаған сүт ішкенде, кене шаққанда жұғады. Бұл ауру көктем, жаз айларында (мамыр – шілде), кей жерлерде тамыз – қыркүйекте тарайды. Себебі, осы мезгілдерде кенелер ұрықтанып, тез көбейеді де, олардың белсенділігі артады. Вирустар кене организмінде көбейіп, шаққанда адамға жұғып, лимфоциттерде, бауырмен көк бауыр клеткаларында, тамырдың ішкі қабатында өсіп-өніп, миға жетеді. Вирус жұлынды, мишықты және бас мидың жұмсақ қабатын зақымдайды. Алдын алу бойынша: Кенені, масаны және түрлі кемірушілер|ді жою; бұл үшін олардың мекенін ДДТ және гексахлоранпрепараттарымен улау қажет; орманда жұмыс істеген кезде адам жиі-жиі киімін, денесін тексеріп отыру керек; егер денеге жабысқан кене табылса, оны бірден жұлып тастамай, өсімдік майын тамызып түсіреді. Кенені жабық ыдысқа салып, тексеру үшін вирусологиялық лабораторияға тапсыру қажет.
Кене шақты деп күмәнданған жағдайда тез дәрігерге қаралып, арнайы қан сарысуын (сыворотка) немесе гамма-глобулин еккізу керек. Вакцинация 1-1,5 ай. Тірі және инактивирленген вакцина -1 мл тері астына күніне 3 рет енгізеді Кене энцефалитімен ауырған науқасты емдеу үшін, қанына уротропинді глюкоза жіберіледі, пирамидон, түрлі антибиотиктер, ауру өрши түссе, глюкокортикоидты гормондар беріледі.

Аягөз аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы