Санитарлық нормалар бойынша әкімшілік айыппұлдардың өсуі туралы

Құрметті жеке кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар, лауазымды және жеке тұлғалар!

Аягөз аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Сіздерге,  2019 жылдың 12 сәуірінен бастап халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының санкциялары заңды күшіне енгенін хабарлайды.

- Жеке тұлғаларға қатысты отыз АЕК (75 750 теңге) мөлшерінде, 7 тәулік ішінде айыппұл төлеу кезінде қысқартылған іс жүргізу қолданылған жағдайда, айыппұл қарастырылған (37 875), бұл айыппұл сомасының 50% құрайды;

- лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға қатысты - екі жүз отыз АЕК (580 750 теңге) мөлшерінде. 7 тәулік ішінде айыппұл төленген жағдайда қысқартылған іс жүргізу кезінде айыппұл көзделген (290 375 теңге), бұл айыппұл сомасының 50% құрайды,

- орта кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты - үш жүз он (782 750 теңге) мөлшерінде.     

Айыппұлды 7 тәулік ішінде төлеу кезінде қысқартылған іс жүргізу қолданылған жағдайда айыппұл (391 375 теңге) қарастырылған, бұл айыппұл сомасының 50% құрайды;

- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне  қатысты - мың алты жүз АЕК (4 040 000 теңге) мөлшерінде.

Айыппұлды 7 тәулік ішінде төлеу кезінде қысқартылған іс жүргізу қолданылған жағдайда, айыппұл көзделген (2020000), бұл айыппұл сомасының 50% - ын құрайды;

Жоғарыда көрсетілгендей, Аягөз аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) басшыларына объектілерді халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келтіруді ұсынады.

ШҚО Аягөз аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы