Ұлы Жеңіс

9 мамыр 2019 жылы Бидайық ауылында Ұлы Отан соғысының 74 жылдық мерекесіне орай шеру болып өтті. Онда оқушылар мектептен саябаққа дейін батальон командирі сап түзеп келіп, әр топ ұрандарын, әндерін айтып өтті. Әрбір класс «Жас десантшылар», «Жас теңізшілер», «Жас сақшылар», «Ақ халатты абзал жандар» болып, сапқа тұрды. Соғыста қаза болғандарға 1 минут үнсіздік жарияланып, гүл шоғы қойылды. Мерекеге арналып «День победы», «Жаса Қазақстан» әндері нақышына келтіріле орындалды.