Ата бабаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды

9 мамыр 2019 жылы Баршатас ауылдық Мәдениет үйінде Ұлы Отан  соғысы Жеңісінің 74жылдығы қарсаңындағы  балғын  балалық  шақтары  осынау зұлмат жылдармен тұспа-тұс келген соғыс балалары, тыл  ардагерлеріне арналған «Ата-бабаларымыздың ерлігі ешқашан  ұмытылмайды»  атты  тақырыпта әдеби-сазды  кеш өткізілді. Кешке Ұлы  Отан соғысының ардагерлерінің туыстары, тыл майдангерлері, ауған  соғыс ардагерлері арнайы шақырылды. Кеш барысында Ұлы Отан соғысы  жылдарында мерт болған қандастарымызды  1 минут  үнсіздікпен еске  алды.  Мәдениет үйі залында «Ерлер есімі ел есінде» кітап көрмесі  ұйымдастырылып, библиографиялық  шолу  жасалды. Мақсаты: Уақыт  өткен  сайын  қатары сиреп бара жатқан соғыс және тыл ардагерлерімен  болған бұл  кездесу жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.