Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде «Ашық есік» іс-шара өткізілді

14 мамыр күні Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде 10,11 сынып оқушыларына арналған «Ашық есік» іс-шара өткізілді оған Менаяқұлы және Көшкінбаев атындағы орта мектеп қатысты. Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі бойынша экскурсия өткізген майор Сарсеев М.Т. келген оқушыларды шақыру бөлімшемен таныстырды. Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы подполковник Айтказин С.С. оқушыларды әскери – патриоттық іс-шараларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіріп, грамоталар табыс етті