Халықаралық көпкүндік спорттық бағдарлау жарысы

2019 жылдың  1 – 6 мамыр аралығында  Щучинск  қаласының әсем табиғатының аясында  Халықаралық көпкүндік  кросс, велосипедпен спорттық  бағдарлау  жарысы өткізілді.

Осы  жолы  шырайлы шығысымыздың намысын № 4 орта  мектебінің  спорт  нұсқаушысы  М.  Ардашев дайындаған № 4 орта  мектебінің бес оқушылары қорғап,  намысты  қолдан  бермей, 5 жүлделі  орындармен  оралды.

Атап айтсақ,12 жас -Дәулетов  Нурислам – 1 орын, 14 жастан  жоғары  –Елубаев Нурлат – І  орын, 14 жасқа  дейін- Бекбосынов  Мейіржан – ІІ  орын, 16 жасқа  дейін – Сарқытов  Бегзат –ІІ  орын, 16 жастан  жоғары –Сакенов  Бағдаулет –І орын.

Бұрын  соңды Халықаралық  жарыстарда  өнер  көрсетпеген  оқушыларымыз,  осы  жолы  барларын  салып,жүлделі  орындардан  көріне  білді,  үлкен  тәжірибе  жинап  қайтты. Осы  жарысқа  баруға себепкер  болған  аудандық  білім  бөлімінің  басшысы  Н.  Әзімбаевтың, № 4 орта  мектебінің  директоры  Қ.  Тастанбековтың, әскери прокурор Ж.Аекеновтың, Аягөз  әскери  гарнизонының  бастығы полковник С. Уркимбаевтардың еңбегі  ерен.Айтар  алғысымыз  шексіз!!!    

Біздің  жеңімпаз  бен  жүлдегерлеріміз Қазақстан  Республикасының  спорттық  бағдарлау  федерациясының  президенті С. Қойбақовтың дипломдарымен марапатталды.