Зағиптар арасында өткен «Жігіт сұлтаны-2019» сайысы

2019 жылдың 6 мамыр күні аудандық «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» мәдениет үйінде зағиптар арасында «Жігіт сұлтаны-2019» сайысы өтті. Сайысқа бес ер жүрек жігіттер қатысып, сайыстың бес түрінен сынаққа түсті. Сайыстың әділқазы алқасы әділ бағаларын беріп өз шешімдерін шығарды .Сайыстың қорытындысы бойынша: 1- орынды Шыңқожа ауылынан келген Барлықбаев Сейсенбай, 2- орынды Егеубеков Құсман, 3- орынды Нұрғазов Махмуд иеленді. «Көрермен көзайымы » номинациясы Ыңырбаев Қажығалиға, «Өнерлі жігіт» номинациясы Дүйсенбаев Сапарғазыға берілді. Сонымен қатар сайысқа қатысушылар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.