Үстел теннисінен мектеп қызметкерлері, 5 – 11 класс оқушылары арасындағы командалық жарысы

2019 жылдың 3-4 мамыр аралығында Д.Бабатайұлы атындағы орта мектебінде мектеп қызметкерлері және 5 – 11 класс оқушылар арасында Ұлы Отан соғысының,тыл және еңбек ардагері, Үш мәрте «Қызыл жұлдыз» ордендері, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және мерекелік медальдардың, Бас қолбасшы Сталинның алғыс хаттарының иегері Ә.Оспанов атындағы үстел теннисінен мектеп қызметкерлері, 5 – 11 класс оқушылары арасындағы командалық жарысы өткізілді.
Ашылу салтанатында аудандық оқу-ғылыми-ұйымдастырушылық кабинеттің меңгерушісі А. Бейсекова, ардагер ұстаз А.Исатаев,ардагерлер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Аягөз аудандық филиалының төрайымы Г. Жакупбаева, «Мөлдір сана» газетінің бас редакторы Б. Шалғынбай, мектеп директоры Ж. Сапақова және атамыздың ұлы Әбділқадыр ағамыз қатысушыларды Жеңіс мерекесімен құттықтап, атамыздың ұрпақтарына салауатты өмір салтын насихаттаудағы еңбектеріне алғыстарын білдіріп, осындай игі істердің болашақ ұрпағымызға берері көп екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс өте шиеленісті өтті. Команда ойыншылары бар айла – тәсілдерін қолдана отырып, қарсыластарын қапы қалтыруға тырысты. Дегенмен, шын мықты , мықты екенін дәлелдейді. Жартылай ақтық ойындарға білім бөлімі, Д. Бабатайұлы атындағы орта мектебі, көпсалалы қазақ мектеп гимназиясы, С. Ғаббасов атындағы орта мектебінің командалары шықты. Мектеп қызметкерлері арасында тартысты ойындар барысында барлық командаларды сан қақтырып, І орынды мектеп – гимназия командасы иеленсе, ІІ орынды Д. Бабатайұлы атындағы орта мектебінің, ІІІ орынды С. Ғаббасов атындағы орта мектебінің командасы иеленді. Оқушылар арасында І орынды Шынғожа батыр атындағы орта мектебінің командасы, ІІ орынды С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің командасы, ІІІ орынды № 5 орта мектебінің командасы иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімі Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы келіп марапаттады. Әбділхақ атамыздың ұлы Әбділқадыр Оспановтың иығына шапан жауып,арнайы алғыс хат табыстады.
Атамыздың ұрпақтарының арнайы кубоктарымен,медальдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.