Қазақстан – татулық пен бірліктің мекені

1 мамыр – Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлігі мерекесі қарсаңында аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Қазақстан- бірлік пен татулықтың мекені» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс – шараға № 10 мектеп – гимназияның 6 «Г» класс оқушыларымен класс жетекшілері Е. Ақылтайқызы мен И.Болатова және кітапханашылар қатысты.
Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу мақсатында бейне көрсетілім көрсетіліп, оқушылар мерекеге орай ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.