Бейбітшілік пен достықтың мекені

1 мамыр 2019 жылы Ақши ауылдық клуб үйінде ынтымақ күніне арналған «Бейбітшілік пен достықтың мекені» атты әдеби – сазды кеш өткізілді. Әдеби – сазды кеште оқушылар әр ұлттың әндерін айтып, билерін билеп, өлеңдерін оқып, өнерлерін көрсетті. Интерактивті тақтадан слайдтар көрсетілді. Кеш соңында өнерпаздар марапатталды.