Аягөз ауданының әкімі Орталық аурухананың жұмысымен танысты

Аягөз ауданының әкімі Орталық аурухананың тыныс-тіршілігімен, жөндеу жұмыстарымен танысты. Емдеу мекемесінің қызметкерлерімен, емделушілерімен біраз әңгіме өрбітті. Осында ем қабылдап жатқан Құлсейітов көшесінің тұрғыны өзі тұрып жатқан аймаққа асфальт төсеп беруін, жарық мәселесін жолға қоюын сұрады. Аталған мәселе жауапсыз қалмайды.