Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев жалпы білім беретін орта мектептерде болды

Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев №3,4,7,9 және №5 жалпы білім беретін орта мектептерде болды. Бұл жерде мектеп қызметкерлері мен оқушыларымен танысты. Білім сапасы, мұғалімдердің деңгейі жөнінде сөз қозғалды. Сонымен қатар, №5 жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары өздерінің өтініштерін де білдірді. Қыс уақытында мектептен үйлеріне жеткенше көшелерде қараңғы екенін, күз және көктем мезгілінде мектепке жетер жолдар саз балшық болып жататынын айтты. Аталмыш мәселелерді шешу үшін аудан басшысы орынбасарларына тапсырма берді.