ҰОС ардагері, ұлағатты ұстаз Н. Мухамедиевты еске алуға арналған баскетбол жарысы

2019 жылдың 26 – 27 сәуір аралығында 10 – 11 класс оқушылары арасындағы ҰОС ардагері, ұлағатты ұстаз Н. Мухамедиевты еске алуға арналған баскетбол жарысы аудандық білім бөлімі және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруымен № 3 орта мектебінің спортзалында К. Бозтаев атындағы орта мектебінің әкімшілігі, ұжымы өткізді.
К.Бозтаев атындағы орта мектебінің, № 3 орта мектебінің әкімшіліктерінің, ұжымдарының салауатты өмір салтын насихаттаудағы еңбектерін атап кетпесе болмас, үнемі үлкен додалар өтіп, осы мектептердің спортзалдарында спортпен, дене шынықтырумен айналысуда!
Ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Н. Әзімбаев, Н. Мухамедиевтың ұлы Нурмухан жас баскетболшыларға ақ тілектерін білдірді. Мектеп оқушылары ән, би өнерлерімен қатысушыларға көңіл –күй сыйлады. Жарыстың бас төрешісі Е. Шегиров жарыстың өту барысымен таныстырды. 25 сәуір күні өткен төрешілер отырысында командалар жеребе арқылы 4 топқа бөлінгенін, ақтық ойындарға әр топтан 1 команда шығатынын ескерте кетті. Ауылдық округтерден С. Ғаббасов атындағы орта мектебі, Ақтоғай-8, Сарыарқа, Мынбұлақ орта мектептерінің командалары қатысты. Жиыны 15 команда 4 топқа бөлініп, жүлделі орындарды сарапқа салды.
Жарыс жоғарғы деңгейде өтті,жаңа форматта өтті десек артық айтқандық емес.Төрешілік қызметі өз жұмыстарын жақсы жүргізе білді, оқушылар жақсы тәртіптерімен көзге түсті. Жалпы, жарыс өту барысында командалардың бірі біріне деген көз қарастары оң болып, оқушылар өздеріне көп мағлұмат, тәжірибе жинады деген ойдамыз. Командалар жақсы ойын өрнектерін көрсете білді.
Шиеліністі ойындардан соң, ІІІ орынды № 10 гимназия командасы иеленсе, ІІ орынды Д. Бабатайұлы атындағы орта мектебінің командасы,ІІІ орынды № 5 орта мектебінің командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубоктарымен,медальдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.