«Жастар жылына» арналған дене шынықтыру коллективтері жарысы

2019 жылдың 27 сәуір күні оңтүстік қалашықтағы спорт кешенінде 10810 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар жылына» арналған аудандық дене шынықтыру коллективтері(әйелдер) арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарыс жоғарғы дәрежеде өткізілді деп айтуға толық негіз бар. Қыздар әр ұпай, әр допқа барларын салып, жеңіске деген жігерлерін аямады. 10810 әскери бөлімінің әкімшілігіне, ұжымына үлкен рахмет! Салауатты өмір салтын насихаттаудағы үлкен жұмыс екені белгілі, болашақта осы турнир жалғасын табады деген сенімдеміз! Жарысқа 7 команда қатысты.
Командалар 2 топқа, жеребе арқылы бөлінді.Ақтық ойында жақсы ойын көрсеткен № 3 орта мектебінің командасы І орын иеленсе, ІІ орынды әскери бөлімнің «Сапер» командасы, ІІІ орынды 10810 әскери бөлімнің командасы иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер 10810 әскери бөлімінің кубоктарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.