«Ардагерлер» паркіне аудан басшысы мәслихат депутаттарымен бірге шырша көшеттерін отырғызды

Бүгін аудандық мәслихаттың сессия отырысы өтті. Бұл жерде 2018 жылғы Аягөз қаласының, Ақтоғай кенттік, Баршатас, Мамырсу, Тарлаулы, Тарбағатай ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалу есебі тындалды. Сондай-ақ жиыннан соң «Ардагерлер» паркіне аудан басшысы мәслихат депутаттарымен бірге шырша көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар, №1 жалпы білім беретін орта мектебі, Қазақ мектеп лицейі, №10 мектеп гимназиясы, Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің, Өнер мектебі мекемесінің жұмысшыларымен танысты. Бұдан өзге, Т.Бигелдинов көшесінің жол тегістеу жұмыстарын да бақылап, Орталық стадионның бүгінгі жағдайымен де танысты.