Аягөз ауданының әкімі қаланың түнгі көрінісін бақылады

Аягөз ауданының әкімі қаланың түнгі көрінісін бақылады. Әсіресі, кешкі уақытта жарықтандыру мәселесіне ерекше мән берді. «Қалаға келген қонақтарға алдымен қаланың кіреберісі бірінші көзіне ілінеді деп ойлаймын. Сондықтан темір жол бекеті, автокөлікпен қалаға кірер тұстарын да көріп қайттым» деді Ділдәбек Тәжібайұлы Оразбаев. Бұл жерде де қолға алатын шаруалар бар. Сондықтан әкім орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берді.