Үш жыл ішінде Азаматтарға арналған үкімет Шығыс Қазақстан облысында 7 миллион мемлекеттік қызмет көрсетті

Өскемен қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының үш жылдық қызметінің нәтижесі бойынша брифинг өтті. Шара барысында ШҚО филиалының директоры Асхат Жарылқасынов пен филиал директорының орынбасарлары Азамат Есембұлов және Жанат Умергалиева корпорация құрылғалы облыс бойынша атқарылған жұмыс қорытындысымен таныстырды.

Филиал директоры Асхат Жарылқасыновтың айтуынша, мемлекеттік корпорация – жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді «Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыратын бірыңғай провайдер. Оның құрамына «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы», «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығы» сияқты төрт мекеме енген.

Бүгінде «Мемлекеттік қызметтер реестріндегі 752 қызметтің 641-і мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі. Сондай-ақ реестрдегі қызметтің 506-і электронды түрде қолжетімді. Мемлекеттік корпорация құрылғалы ШҚО бойынша филиалы аймақ тұрғындарына 7 млн-ға жуық қызмет көрсетсе, оның 2 млн. жуығы азаматтар орталыққа келіп, өз бетінше алған. Сонымен қатар филиалда соңғы үш жылдың ішінде 850 мың ЭЦҚ рәсімделген, бұл азаматтардың электрондық қызметтерді үйден шықпай-ақ алуына мүмкіндік беретін құрал», – деп атап өтті Асхат Жарылқасынов.

Мемлекеттік корпорацияның жер кадастры және жылжымайтын мүлік бағыты бойынша сөз қозғаған филиал директоры мұндағы қызмет көрсету үрдісінің оңтайландырылғанын атап өтті. Мәселен, талап етілетін құжаттар саны мен қызметтердің көрсетілу мерзімін қысқарту бойынша бірнеше пилоттық жоба іске қосылды.

Айта кетейік, корпорация құрылған сәттен бастап филиалда жер кадастры бойынша 93408, ал жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру бойынша 55 650 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Сонымен қатар филиал директорының орынбасары Азамат Есембұлов мемлекеттік корпорацияның 3 жыл ішінде енгізген басты жобаларына тоқталып өтті. Маман көлікті онлайн тіркеу, «Paper free» (азаматтың келісімімен үшінші тұлғалардың атына анықтамалар алу), үш мемлекеттік қызметті бірден алуға мүмкіндік беретін «Проактив» сияқты қызметтердің артықшылықтарын айтып, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында оператордың көмегінсіз жұмыс істейтін цифрлық ХҚО-лар жөнінде айтып берді.

Сөз соңында филиал директоры облыс орталығында биыл көші-қон және мамандандырылған ХҚО-ның ашылатынын айтып өтті.

Анықтама: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы филиалында 65 бөлім, 17 сектор жұмыс істейді, 1400-ден артық қызметкер еңбектенеді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО бойынша
филиалының Баспасөз қызметі
Мөлдір Заруетқызы

Тел: +7 701 5804921
 e-mail: pr_vko@mail.ru