Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев бірқатар мекемелерге барды

23.04.2019ж. Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев «Аягөз Су»  мекесіндегі жұмысшылар мен техникалардың жай-күйімен танысты. Сондай-ақ Аягөз қаласындағы №2 жалпы білім беретін орта мектеп, Кешірім Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, №6 жалпы білім беретін орта мектептің, Аягөз қалалық политехникалық колледжінің қызметкерлерімен танысып, аталмыш білім нысандарын аралады. Сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету оратылығында көп балалы аналармен кездесті.