10810 әскери  бөліміндегі «Ашық күн» 

Аягөз  қаласындағы қала  мектептерінің 8-10 сынып  оқушылары 19 сәуір  күні  10810 әскери  бөлімінің  "Ашық  күн" акциясына  барып  қайтты.

Олар сарбаздардың тұрмысымен  танысып,автоматты шашып, жинау, әскери техникалармен  танысып, қорғаныс киім кию тәсілдерін үйреніп,қару- жарақ,оқпен қалай  жұмыс  істеу  керек  екендіктерін  білісті. Музеймен  танысты.

Оқушыларымыз  әскери  өмірдің  қыр – сырларымен  танысып,  көп  мағлұмат  алып  қайтты. Осындай  кездесулер  көп  болатын  болса,  оқушыларымыздың  Отанға  деген  сүйіспеншілдіктері  артады  деген  ойдамыз.

Осы орайда, 10810 әскери  бөлімнің әкімшілігіне,  қызметкерлеріне алғысымызды  білдіреміз!