Облыстық «Жасұлан» әскери – спорттық   жарысы

2019  жылдың  17 – 19 сәуір аралығында Өскемен  қаласында облыстық «Жасұлан»  әскери –спорттық  сайысы  өткізілді. Аягөз  ауданынының  намысын № 4 және  № 6 орта  мектептердің  оқушылары  қорғап  қайтты.

Жарыс  бағдарламасында:

  1) Командалардың презентациясы

2) Тарихи-іздеу зерттеу жобасын қорғау

 «Соғыс жаңғырығы!»

 «Тарихи мұра»

3) Саптардың және әндердің көрінісі

4) Атыс даярлығы.

5) Кросс.

6) Турникке тартылу.

 7) Жүзу (эстафета).  

№ 4 орта  мектебінің АӘД жетекшісі А.  Еділбаев және  № 6 орта мектебінің АӘД  жетекшісі Б.  Орынбаев дайындаған командамыз кросс  жүгіруде үздіктер  қатарынан  көрініп  ІІ  орын, команданы  таныстыру сайысында ІІІ  орын иеленді. Патриоттық  клубқа сертификат табысталды.

Жарыс демалыс  емес, үлкен еңбек  ету  керектігін,ойлану  қабілетін және дене  дайындығының мықты  болу керектін оқушылар аңғарғандай  болды.