Поэзия кеші

2019 жылы 18 сәуір күні   «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» Аягөз аудандық филиалында аудандық орталық кітапхана қызметкерлерімен бірлескен көрнекті ақын Әбділда Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Өмірім менің – бір шалқар теңіз» атты поэзия кеші өткізілді.

Кеште «Әбділда Тәжібаевтың өмір жолы» атты деректі фильмнен үзінді көрсетілді.  Сондай-ақ, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» атындағы  мәдениет үйінің әншілері Оспанов Қуатжан, Аманкелді Сұлтан, Дүйсегельдина Фатима әсем әндер орындады.

Аталмыш кешті К.Бозтаев атындағы мектептің 8 «В» сыныбы, № 1 мектептің 10 «Б» сыныбының оқушылары мен ұстаздары қызығушылықпен тамашалады.