Рухани жаңғыру - табысты ел болуымыздың кепілі

13 сәуір 2019 жылы Аягөз аудандық орталық кітапханасында «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты пікір алмасу өткізілді. Пікір алмасу №10 мектеп – гимназиясының 6,7,8,9,10 сынып оқушылары және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бидоринова Кәмал
Аманбекқызы қатысты. Мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Оқушылар ел президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына қатысты оз ойларын пікірлерін айтты. Біздің алдымызда дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсаты тұр.
Біздің рухани жаңғыруымыздың басты құндылығы ол бәсекеге қабілеттілік.
Ұлттық құндылықтардың бәрі, ұлттық салт – дәстүріміз, тіліміз, әдебиетіміз,
жалпы ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.