Ғашықтар күніне арналған мереке өтті

2019-жылдың 15- сәуір күні қаламыздағы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» саябағымызда «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ғашықтар күніне арналған мереке өтті. Мерекеде  аудандық мәдениет үйінің әншілерінің орындалуында Ш.Қалдаяқов, М.Мақатаевтың және басқа да композиторлардың әндері   шырқалды. Сонымен қатар мерекеде қала жастары да өз өнерлерін көрсетті. Мереке соңы қала жастарына арналған би кешіне ұласты.