«Сағындарған әндер-ай» атты фестиваль өтті

2019 жылдың 12- сәуір күні аудандық «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» мәдениет үйінде «Сағындарған әндер-ай» атты ән фестивалі өтті. Дуэттердің орындауында 70-80-жылдардың қазақ композиторларының әндері орындалды. Он күннің көлемінде мәдениет үйінің әншілері аудандық Зағиптар қоғамының мүшелерімен дайындық жүргізіп, сахнаға шығарды. Орындалған әндер көрермендерге жастық шақтарын, өткен жылдарын естеріне түсірді. Фестивальдің аяғында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының мәндетін атқарушысы Ж.Аманов сөз сөйлеп фестиваль қатысушыларын дипломмен марапаттады.