Өрт сөндіру бөліміне саяхат!

08.04.2019 жыл. Аягөз 50-ші ӨСБ-не, "Аягөз қалалық 2-ші бөбекжай-балабақшасының" "Балапан" тобының бүлдіршіндерінің экскурсияға келді. Экскурсия барысында өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері отпен қауіпсіз қолдану және өрт кезінде өзін ұстау ережелері туралы айтты. Сондай-ақ кішкентай балаларға әр-түрлі техника түрлері, өрт сөндіру құралдары, құтқарушылардың профессионалдық құтқару құрылғыларымен құралдары көрсетілді. Әнгімелесулер диалогтық режимде өтті.


Аягөз ауданының ТЖБ