«Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі -2019» облыстық байқау

2019 жылдың 3-4 сәуір аралығында Өскемен қаласында «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі -2019» облыстық байқауы өтті. Байқауға Аягөз қаласында өткен аудандық кезеңінің жеңімпазы -«№ 4 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –ң дене шынықтыру пәні мұғалімі А. Қананов қатысты.Байқауға келетін болсақ, шарттары төмендегідей болды:
І кезең – «Біліктілік тестілеу» 30 сұрақ пән бойынша, 20 сұрақ педагогикадан. 40 минут уақыт беріледі. Спорт түрлерінің арнайы жаттығуларын практикалық түрде көрсету.
ІІ кезең – «Жаңашыл педагог» Мұғалімнің презентациясы - 5 минут қорғау.
ІІІ кезең – «Ашық сабақ» 20 минут көлемінде 5 – 9 сыныптарға таңдау сабағын өткізеді. ҚМЖ әділқазылар мүшелеріне беріледі, 5 минут сұрақтарға жауап беріп, талдау жасалады.
ІV кезең – «Ұлттық лигасы», «Денсаулық фестивалі», «Президенттік тесті» т.б сабақтан тыс іс- шараны көрсетілім(видео) арқылы баяндайды.Құжаттары болу керек. 5 мин
Байқауға облыстың түпкір –түпкірінен келген 12 жас маман қатысып, бақтарын сынады. Осы байқауда алдына жан салмай, І орынды Архат Қананов иеленіп, ауданымыздың абыройын бір асқақтатып тастады. Архат жас маман болса да, өзінің мамандықты дұрыс таңдағанын дәлелдеді. Үйренері көп Архат : «Дене шынықтыру пәнін бала кезімнен армандағанмын.Бұдан да жоғарғы шыңдарды бағындырсам деген арманым бар. Барлық әділқазылар алқасына, қарсыластарыма, жанкүйерлеріме айтар алғысым шексіз!!!» -деп сөзін қорытындылады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ШҚО білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының мақтау қағаздарымен марапатталады.
А. Кананов 16-19 сәуірде Щученск қаласында өтетін Республикалық байқауға жолдама алады.Құттықтаймыз!!!