«Жастар жылына» арналған ерлер арасындағы волейболдан аудан әкімінің кубогы

2019 жылдың 30 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысы Аягөз  қаласының балалар–жасөспірімдер спорт мектебі мен қалалық қазақ мектеп лицейі спорт залдарында арасында «Жастар жылына» арналған ерлер арасындағы  волейболдан  аудан әкімінің кубогы жарысы өткізілді.

Жарысқа 10 команда қатысты. Олар: «Білім», № 1 орта мектебі командасы, «Әскер», Мәдениет, Сарыарқа, Қосағаш-1, Қосағаш-2, Баршатас, Емелтау ауылдық  округтерінің, политехникалық  колледж командалары. Осы  жарыс тартысты,шиеліністі  ойындармен  көзге  түсті. Жастар өсіп,  шеберліктері  артқандығын аңғаруға  болды. Көп  ойындар 2:1 есебімен аяқталып  отырды. Ойындарды  аудан  әкімінің  орынбасарлары, мекеме  басшылары,  аудан  әкімі Б. Какенқажыұлы тамашалап, шоқтығы биік жарыс екенін  дәлелдеді.Дайындығы  жақсы  командалар  суырылып, алға  шыға  бастады.

Жартылай ақтық ойындарға «Білім»командасы, № 1 орта  мектебі, «Әскер», Қосағаш -1 командалары шықты. Ақтық ойында «Білім» және № 1 командалары жақсы ойын  көрсетіп, көрермендерді бір  қуантып  тастады.Алайда, 2: 1 есебімен № 1 орта  мектебі командасының мерейі үстем болып, І орынды иеленді, ІІ орынды «Білім»командасы, ІІІ орынды алыстан  ат  терлетіп  келген, Қосағаш командасы  ІІІ  орынды,  ІV орынды «Әскер» командасы. 

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер, ІV орынды «Әскер» командасы және үздік ойыншылар аудандық мәдениет,  тілдерді  дамыту,  денешынықтыру және спорт бөлімінің кубоктарымен, бағалы сыйлықтарымен, медальдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.