Шағын футболдан біріншілік

2019 жылдың 24-28 наурыз аралығында Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында, шағын футболдан 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасында ШҚО Біріншілігі өтті. Қатысқан командалар: Зайсан, Жарма, Абай-1, Абай-2, Ақсуат-1, Ақсуат-2, Ақсуат-3, Аягөз спорт мектебі-1, Аягөз спорт мектебі-2.

Командалар 3 топқа бөлініп айналып жүйе бойынша ойнады. Топта бірінші орын алған командалар финалдық ойындарға жолдама алды. Жарыстың қортынды бойынша Аягөз спорт мектебінің бірінші командасы ІІІ орынға ие болды. Аягөз спорт мектебінің екінші командасы V орын алды.

Аягөз спорт мектебінің ойыншысы Мәсілхан Нұрдаулет осы біріншіліктің «Үздік қақпашысы» атанды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының кубок, медальдар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.