Мамандығым мақтанышым

Қазіргі таңдағы діни жағдай­дың күрде­лілігі дін саласында білімді маман­дарды қажет етеді. Еліміздегі жас және үлкен сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып отырғанда осы «дінтану» мамандығы. Аталмыш мамандық Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситетінде толы­ғымен қамтылған.

Дінтану – бұл діни ілімдер тарихын және діни өмірдің институциялық формасын діни - мәдени мұра, діни өнер, діни жазба ескерткіштерін, діни білім және ғылыми зерттеу қызметі, дінге тән құқықты, діндер тарихының археологиялық ескерткіштерін, түрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы өзара қатынас тарихы мен қазіргі ахуалын зерттейді. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде дінтану зайырлы тұрғыдан оқытылады. Дінтану пәні – тарихтың сан ғасырлық мұрасында жинақталған діни тәжірибе, діни мәдениет ескерткіштері, интеллектуалды және рухани мұралар болып табылады. Бұл маман­дықтың білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандар­тына сай негізделген. Мамандар кәсіби қызметін: мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құрал­дарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында; ҰҚК және ІІМ сараптама қызметінің, мемле­кеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері коми­тетінің қызмет­керлері; дін тарихы мен тео­риясы, мемле­кеттік және мемле­кеттік емес жоға­ры және орта арнаулы оқу орын­да­рының оқытушылары; зама­науи өркениет­тің діни-филосо­фиялық мәселелері бойынша ғылыми-зертеу жұмыста­рында ғылыми қыз­меткер т.б. салаларда іске асы­ра алады.

Университеттегі дінтану және мәдениеттану кафедрасының  тари­хы 1949 жылы Философия және экономика факультетінің ашы­луымен бастау алған. Кафедрамызда дінтану мен мәдениет­тану мамандық­тары бойынша бакалавр, магистра­тура және докторантура оқуларын үздіксіз жалғастыруға мүмкіндіктер бар. Өмірдегі ең жауапты істердің бірі – болашақ мамандығыңды таңдау. Осыған орай біз сіздерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­тетінің Дінтану мамандығына оқуға түсуге шақырамыз.

ҚазҰУ 4 курс студенті: Дүйсенбі Д.Т.

 Ғылыми жетекші:  Аға оқытушы Утебаева Д.С