Рухани жаңғыру-халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдарлама!!!

2017 жылғы 12 сәуірде Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын жариялап, онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап берген еді.Бұл ретте, Қазақстан азаматтарының қоғамдық санасының мазмұны олардың мүдделерімен, идеяларымен, құндылықтарымен тығыз байланысып, мәдениет, мінез-құлық тәжірибесі, салт-дәстүр, ғылым, адамгершілік императивін қоса алғандағы рухани негіздерге арқа сүйейді. Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғыртудағы басты бағыттар екендігі белгілі.

Мемлекет Басшысының бастамасымен басталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, бұл – шын мәнінде, ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба. Ол қоғам тіршілігінің барлық саласын қамтитындығымен бірегей. Қоғамдық сананың жаңаруы ортақ әлеуметтік кеңістікте өмір сүріп жатқан халықтың қажеттіліктерімен тікелей байланысты.

Осы бағдарламаның бағыттарының орындалуы жайында 2019 жылдың 04 ақпанында Аягөз ауданының ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ж.Т.Қалиев Аягөз ауданының ТЖБ   №50 өрт сөндіру бөлімінің офицерлер құрамымен дөңгелек үстел жиынын өткізді. Дөңгелек үстел жиынын өткізу барысында бағдарламада көрсетілген 6 бағыт бойынша қазіргі уақытқа дейін орындалып жатқан іс-шаралар жайлы баяндамамен Аягөз ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны М.Т. Қажебаев таныстырып өтті.

    Аягөз ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі