«Наурыз» мерекесіне арналған қазақ күресінен «Ұстаз барысы» жарысы

2019  жылдың 22 наурыз күні балалар –жасөспірімдер  спорт мектебінде аудандық білім және  ғылым қызметкерлері  кәсіподақ комитетінің және спорт мектебінің (директоры Е. Юсупов) ұйымдастыруымен қазақ  күресінен аудандық «Ұстаз  барысы» жарысы  ауданымызда  тұңғыш рет өткізілді.

Ашылу  салтанатында аудан  әкімінің  орынбасары Д. Жөргекбаев,аудандық  білім  бөлімінің  басшысы  Н. Әзімбаев ,аудандық  күрес  федерациясының  президенті  Қ.  Оспанов  қатысушыларды,  қонақтарды,жанкүйерлерді мерекелерімен  құттықтап, ұстаздарға салауатты  өмір  салтының маңызын  айта  келе,мықтыларға  жеңіс  тұғырына көтерілуін   тіледі.С.  Ғаббасов  атыындағы  орта  мектебінің директорының  м.а  Ә. Манасбаев бастаған  ұжымы жарысты  жоғарғы  деңгейде  өткізуге  ат  салысты.Дархан Кенжалин «Қазақтай ел қайда» әнін әуелетіп, «Ай-ерке» би тобы қазақ   биін  әдемі  орындап, қатысушыларды  тәнтті  етті.

Жарыстың бас  төрешісі  М.Жанатаев жарыстың  өту  барысымен  таныстырды. Жарысқа  24 балуан қатысты.

Балуандар белдесулері қызықты да,  тартымды  өтіп  жатты. Боз  кілем  үстінде бар  өнерлерін  ортаға  салған  балуандар жеңілістің  ащы  дәмін  сезбеу  үшін  барларын  салып  жатты.Дегенмен,  мықтылар  анықтала  бастады.  Тартысты белдесулерді  артқа  тастап, ІІІ  орындарды Ақтоғай-8 орта  мектебінің  мұғалімі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.  Жұмай және  Тарбағатай  орта  мектебінің  дене  шынықтыру  пәні  мұғалімі  Ә.Нұрғазин иеленсе, ІІ  орынды Б.  Майлин  атындағы  орта  мектебінің дене  шынықтыру  пәні  мұғалімі С.  Қанапьянов ,І  орынды К.  Бозтаев  атындағы  орта  мектебінің  дене  шынықтыру  пәні  мұғалімі Е.  Сағатбеков  иеленді.Бірқатар балуандар үздік  өнер  көрсеткен үшін мақтау  қағаздарымен  марапатталды. Олар: Ж. Жабаев  атындағы  орта  мектебінің  директоры Ә.  Балтабеков, М. Жаманкулов(сш Мынбулак), Р. Ануарбеков (№ 6 ом) Е. Мукатаев (№ 10 гимназия), Б. Какенов (№ 6 ом)

Жеңімпаздар  мен жүлдегерлерді  аудан  әкімі Б.  Байахметов,аудандық  білім  бөлімінің  басшысы  Н. Әзімбаев,аудандық білім және  ғылым қызметкерлері  кәсіподақ комитетінің төрайымы С. Ещанова,аудандық  күрес  федерациясының  президенті  Қ.  Оспанов, балалар – жасөспірімдер  спорт  мектебінің  директоры  Е.  Юсупов   марапаттады,жеңімпаздар мен  жүлдегерлер аудандық білім және  ғылым қызметкерлері  кәсіподақ комитетінің бағалы  сыйлықтарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.