Шағын футбол жарысы

2019 жылдың 10-15 наурыз аралығында Өскемен қаласында шағын футболдан 2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында ШҚО біріншілігі өтті. Жарысқа 13 команда қатысты. Қатысқан командалар: Өскемен қаласының «Алтай 07-1», «Алтай 07-2», «Алтай 08» спорт академиясы, Өскемен, Риддер, Курчатов, Ұлан, Зайсан, Катон-Қарағай, Жарма, Таврия, Глубокое спорт мектептері және Аягөз спорт мектебі.
Жарыстың қорытындысы бойынша І орын - «Алтай 07-1» Өскемен қаласының спорт академиясы, ІІ орын - Аягөз спорт мектебі, ІІІ орын - Зайсан спорт мектебі иеленді.
Біріншіліктің «Үздік шабылушысы» Аягөз спорт мектебінің ойыншысы Ерзатұлы Мақсат атанды.
Осы жарысқа оқушылардың қатысуына ата-аналар және футбол бөлімінің жаттықтыруышысы А.Карманов демеушілік жасады.