Волейбол жарысы

2019 жылдың 15 – 16 наурыз аралығында № 4 орта мектебінің спорт залында мектеп қызметкерлері арасында «Наурыз» мерекесіне және Халыққа еңбегі сіңген емші, ұстаз Омархан қари Қажыұлы Қазыбай қари жүлдесіне арналған волейболдан жарыс өткізілді.
Ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Әзімбаев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а. Ж. Аманов, мектеп директоры Қ. Тастанбеков, ұстаздарды, қонақтарды «Наурыз» мерекелерімен құттықтады, келген командаларға сәттілік тіледі. № 4 орта мектебінің оқушылары ән айтып, әдемі киімдерімен әсем би орындап, қатысушыларға жақсы көңіл – күй сыйлады.
Жарыстың бас төрешісі Е. Игисинов жарыстың өту барысымен таныстырды. Жарысқа 18 команда қатысатынын, ақтық ойындарғы шығу ережесін түсіндірді.
Ақтық ойындарға № 1-(1), № 1-(2), № 4, № 5 орта мектептер командалары жолдама алып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Ақтық ойындарды тамашалауға аудан әкімі Б.Байахметов қатысты. Ақтық ойында № 1 орта мектеп командасы жақсы өнер көрсетіп, І орынды, ІІ орынды № 4 орта мектеп командасы, ІІІ орынды № 5, № 1(2) орта мектеп командалары иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер және үздік ойыншылар Қазыбай қаридың ұлдарының және жеке кәсіпкер Ғани Бейсебаевтың арнайы әкелген кубоктарымен, медальдарымен, бағалы сыйлықтарымен, аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.