Жастар  арасындағы грек – рим  күресінен Қазақстан  Чемпионаты

2019 жылдың 10-13 наурыз аралығында Алматы қаласында грек – рим күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында ҚР чемпионаты өтті.  Жарысқа Аягөз спорт мектебінің түлектері қатысып, 67 келі салмақ дәрежесінде Қызыров Нұрбек жеңімпаз атанды (жаттықтырушысы А.Абуев), 55  келі салмақ дәрежесінде Тұрсынов Алмас ІІ орынға ие болды (жаттықтырушысы Қ.Серікболов).  Жеңістерімен құттықтаймыз!