Тағамнан уланусыз Наурыз мейрамын қалай қарсы алуға болады 

Сіз достарыңызбен, туыстарыңызбен, таныстарыңызбен Наурыз мейрамын мерекелеуге жоспар құрдыңыз ба? Мол дастарқан жаю – негізгі міндттен басқа, Сіз қонақтарыңыздың денсаулықтарын сақтап қалу басты міндеттердің бірі болып табылатынын ескертуіңіз қажет.
Берілген іс-шараларды өткізу үшін ас-мәзірін таңдаған кезде материалдық және физикалық мүмкіндіктреңізді әділ бақылау қажет. Егер
Сіз қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарымен пайдалансаңыз, Сіздің міндетеріңізді шешумен кәсіпқой мамандар айналысады. Олар, дайындауға кәсіпорында барлық қолайлы жағдайлары бар ас-мәзіріндегі тағамдарды таңдауға көмек көрсетеді.
Тойханада тамақтану үшін тағамдарды үйде дайындауға болмайды!
Қазақстан Үйде барлық техникалық параметрлерін: сақтау температурасын, термиялық өңдеуін, зарасыздандыру тәртібін бұзбай тағамдарды үлкен көлемде әзірлеу өте қиын. Сонымен қатар Сіздің тоңазытқышыңызға, азық-түлік турайтын жабдықтарыңызға түсетін күш анағұрлым көбеетінін есепке алу қажет.
Есіңізде болсы: тауар көршiлестігінің қағидаларын (шикі және дайын өнімдерді бірге сақтау және өңдеу), сақтау шарттарын бұзу Сіз әзірлеген тағамдардың індет жұқтыруына әкелуі мүмкін, одан әрі тағамнан уланудың себебі болуы мүмкін.
Бешбармақ (ет тағамы), палау, манты қазақ асүйінің дәстүрлі тағамдары болып табылады. Мерекелік дастарқанға негізгі тағамдармен жейтін тіскебасарлар ретінде «ет ассортиі» (пісірілген тіл, қазы, қарта, жал-жая, чұжық, пісірілген бауыр), осыған қоса әр түрлі салаттар ұсынылады. Егер Сіз кәсіпқой аспазшылардың қызметтерінен бас тартсаңыз, мерекелік шараңызды бұзбау үшін бірнеше кеңестерді ұсынамыз:
1. Етті мерекенің басталуына дейін 12 сағат бұрын пісіру қажет.
2. Пісірілген етті ашық ауада салқындату қажет. Суытылған етті ыдыста немесе пакетке салып тоңазытқышта сақтау керек.
3. Асты әзірлеген кезде пісірілген етті әбден қайнату керек.
4. Палауды дайындау үшін, етті 12 сағат бұрын дәмдеуіштер мен тұздықты қоспай қуырып немесе бұқтырып қою қажет.
5. Палауды әзірлеген кезде етті әбден термиялық өңдеуден өткізу қажет.
6. Бауырды тек қана мерекені күні пісіру қажет.
7. Салаттарға арналған көкөністерді алдын ала пісіріп қоюға болады, суытып, тоңазытқышта сақтау қажет, мерекенің басталуына дейін 6 сағат бұрын турау керек.
8. Дайын тағамдарды дастарқанға мерекенің басталуына 30 минуттан ерте емес қою қажет. Торттар және тәтті нандарды тек қана тоңазытқышта +4 С-ге дейін температурада және 36 сағаттан көп емес сақтау керек.
9. Тағамдарды жәндіктерден, кеміргіштерден және басқа жануарлардан сақтау қажет
10.Сапалы, таза суды пайдалану керек.
Аягөз аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы