Шағын футболдан облыс біріншілігі

2019 жылдың 26 ақпан -3 наурыз аралығында, Аягөз қаласында, шағын футболдан 2005-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында ШҚО біріншілігі өтті. Жарысқа 12 команда, 145 оқушы қатысты. Қатысқан командалар: Өскемен, Жарма, Тарбағатай, Абай-1, Абай-2, Зайсан-1, Зайсан-2, Аягөз-1, Аягөз-2, Аягөз-3, Аягөз-4, Аягөз-5.
Жарыстың салтанатты ашылуына Аягөз аудандық білім бөлімінің әдіскері Қыржыбаев Сәкен Аймухаметұлы, спорт мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Жақсылықова Бағдат Семейхановна, жарыстың бас төрешісі, футбол бөлімінің аға жаттықтырушысы Оспанбеков Асхат Еркингалиевич жарысқа келген командаларды құттықтап, сәттілік тілеп жарысты ашты.
Жарыстың қорытындысы бойынша Аягөз спорт мектебінің 1-ші командасы жеңімпаз атанды. Ол жеңіске жету жолында Абай-2, Аягөз-5, Жарма, Зайсан-1 командаларынан басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жарыстың қорытындысы:
1.Аягөз-1 7.Аягөз-2
2.Зайсан-1 8.Аягөз-5
3.Абай-1 9.Зайсан-2
4.Жарма 10.Абай-2
5.Өскемен 11.Аягөз-4
6.Тарбағатай 12.Аягөз-3
Біріншіліктің үздік ойыншылары болып: «Үздік қақпашы» - Сұлтанбеков Нұрали (Жарма спорт мектебі), «Үздік қорғаушы» - Малгаждаров Жаннұры (Абай спорт мектебі), «Үздік шабуылшы» - Еркінұлы Айқын (Зайсан спорт мектебі), «Үздік ойыншы» - Бакитов Фархат (Аягөз спорт мектебі) атанды.
Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Шығыс Қазақстан Облыс басқармасының кубоктарымен, медальдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.