Халқына мәңгілік мұра қалдырған дүлдүл ақын

12 наурыз 2019 жылы Аягөз аудандық орталық кітапхана және «Семей қаласының облыстық тарихи –өлкетану музейі» КМҚК-ның Аягөз аудандық филиалының қызметкерлері бірлесіп жыр дүлдүлі атанған І.Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында «Халқына мәңгілік мұра қалдырған дүлдүл ақын» атты кеш өткізілді. Кешке мектеп - гимназияның ұстаздары және 8 класс оқушылары қатысты. Қазақтың сөз өнерінде қайталанбас қол таңбасы бар кең тынысты ақын шығармашылығына арналған «Рухы биік тұлға» атты кітап көрмесіне кітапханашы И.Тамтикова библиографиялық шолу жасалды. Кітапхана оқырмандарына слайд көрсетілді.