«Туған жер - алтын ұяға тағзым»

«Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін» КММ-де «Жастар жылына» орайлас, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Туған жер – алтын ұяға тағзым» атты жыр мүшәйрасы өтті.
Жыр мүшәйрасын ұйымдастырушы, талантты жас дарын, мектебіміздің түлегі Божан Медет. Қазіргі таңда республикалық, облыстық жас ақындардың жыр мүшәйрасына қатысқан.
«Туған жер-тұнып тұрған байлығымсың» бөлімінде Шұбартау өңірінен шыққан ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. І орынды «Айғыз жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің 9-класс оқушысы Нұрсапатов Ерасыл, ІІ орынды «Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің 9-класс оқушысы Булегенова Қарақат, ІІІ орынды «Горный жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің 10-класс оқушысы Тлеукенже Зарина еншіледі. Жүлделі орын алған оқушыларға ақшалай сыйлықтар берілді.
Жыр мүшәйрасының құрметті қонағы, айтыскер ақын Қыдырбек Әлішердің арнайы жүлдесін «Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің оқушылары Қалижан Береке мен Божан Жанерке алды.
Әділқазылар алқасының шешімімен І орын «Е.Рахмадиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің 7-класс оқушысы Қалихан Маржан кубок, медаль және 20 000 теңге, ІІ орын «Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің 9-класс оқушысы Серікқызы Еркеназ сертификат, медаль және 15 000 теңге, ІІІ орын «М.Әбеулов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің 8-класс оқушысы Алимғазы Аяжан сертификат, медаль және 10 000 теңге ақшалай сыйлық иеленді. Сондай-ақ қатысқан барлық оқушыларға 5 000 теңгеден демеушілік көрсетілді.
Сондай-ақ Аягөз ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз Сихымбаев Рғызбай Әзімбайұлы Н.Айтұлының «Шақантай» поэмасын жатқа оқыған «Оспанқұл Меңаяқұлы аты