Қ. Қайсенов кентінде өткен қол күресінен облыс Чемпионаты

2019 жылдың 9 – 11 наурыз аралығында Қ. Қайсенов кентінде 1998 ж.т. және одан төмен жастағы жасөспірімдер арасында қол күресінен ШҚО Чемпионаты өткізілді.
Жарысқа Аягөз құрама командасы да қатысты. Ауданымыздың 6 оқушысы жүлдегер атанды. Оқушыларымыз облыс, Қазақстан Чемпионаттарына үнемі қатысуда. Ауылдық округтерден Ақши, Ж. Жабаев атындағы орта мектебінің, Сарыарқа орта мектебі оқушыларының дайындығы жақсы жүргізіліп, облыс Чемпионаттарында топ жарып, жүлдегерлер қатарынан көрінуде.
Осы жарыста үздіктер қатарынан көрінген спортшыларымызға келсек:
1. А. Алмасов – І орын - «Ж. Жабаев жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-ң түлегі
2.Е. Карменов - І орын -«Политехникалық колледж» КММ
3. Е. Тоқтамысов – І орын - «№ 10 гимназия»
4. А.Сарсенбаева - ІІ орын - «Политехникалық колледж» КММ
5. Е.Абитаев - ІІІ орын - «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
6.Б.Орыншайхов - ІІІ орын - «Ж. Жабаев жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кубоктарымен, медальдарымен,мақтау қағаздарымен марапатталып, ҚР Чемпионатына жолдама алды.
Оқушыларымызға биіктен көріне беріңдер демекпіз!!!