Азаматтық қорғаныс күніне орай өрт сөндіру бөлімінде Ашық есік күні өтті!!!

Жыл сайын 1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. Ол 1990 жылы Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы ассамблеяларының шешімі бойынша азаматтық қорғау және қорғаныс ұлттық қызметтері – өмір мен қоршаған ортаны құтқаруға орындайтын маңызды міндеттерге қоғамдық назар аудару мақсатында құрылды.
Мереке құрметіне № 50 өрт сөндіру бөлімінде мұғалімдердің сүйемелдеуімен Аягөз аудандық білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ мен «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің 9-10 сынып оқушыларына «Ашық есік күні» өтті. Бөлім бастығы Р.Байтұрсынов қонақтарға өрт сөндіру бөлімінің үй-жайлары бойынша экскурсия өткізді, оқушылар төтенше жағдайлар туралы хабарлама келіп түсетін бөлімнің байланыс пунктін, сондай-ақ олар демалыс бөлмесін, жаттығу залын және оқу сыныбын көрді.
Өрт сөндірушілер өз жұмыстары туралы айтып, жабдықтар мен техниканы көрсетті. Оқушылар өрт сөндіру автокөліктері мен өрт-техникалық құрал-жабдықтарын қызығушылықпен қарап шықты. Одан әрі оқу сыныбында мұғалімдер мен оқушылармен әңгіме жүргізілді, онда үй қауіпсіздігі, көшедегі қауіпсіздік тақырыптары қозғалды. Бөлім қызметкерлері қандай нөмірге қоңырау шалу керектігін және төтенше жағдайларда қандай шаралар қолдану керектігін түсіндірді, сондай-ақ оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берілді. Шара барысында кәсіби құтқарушы мамандарын дайындайтын Көкшетау техникалық институты туралы да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау бойынша жадынамалар таратылды.
Осындай іс-шаралар танымдық және моральдық тұрғыда да үлкен пайда әкеледі, мұнда олар өрт сөндірушілердің борышы, жауапкершілігі мен тәртіптілігі сезімдерін көрді және өздері өрт сөндіру қызметкерлеріне ұқсауға тырысады.

Аягөз ауданының ТЖБ